LoadingHello!

Rare Spot нысандары бүкіл Қазақстан бойынша райдерлердің тартылу нүктелеріне айналуда

Қалаңда парк болғанын қалайсың ба? Нұсқаулықты оқы.

(01)

Скейт-парк қажет ететін адамдарды тап және бірге әрекет етуге келісіңдер

(02)

Өтініш үлгісі мен қол жинау парағын жүктеп ал.

Барынша көп қол жина: скейтерлер, самокат мінетіндер, аудан тұрғындары - қолдау неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы

Материалдарды жүктеу

(03)

Жергілікті әкімдікке өтініш дайында. Оған біздің портфолионы қоса тірке

Материалдарды жүктеу

(04)

Өтініш пен қол жинау парағын бірнеше арна арқылы бірден тапсыр

• онлайн eGov немесе e-Otinish арқылы
• Open Almaty арқылы егер сен Алматыдан болсаң
• офлайн түрде аудан және қала әкімдігіне

(05)

Сәл шыдамдылық таныт, әдетте 30 жұмыс күні ішінде жауап келеді

(06)

Қандай жауап келді?

(07)

Жауап: иә

Керемет жаңалық!

Әкімдіктің жауабын бізге info@rarespot.kz, поштасына жібер, біз болашақ скейт‑парктың егжей‑тегжейін нақтылау үшін олармен байланысамыз

(08)

Жауап: жоқ

Тоқтама!

Жергілікті БАҚ-қа және қалалық пабликтерге жүгін, өз бастамаң туралы айтып, олардан қолдау көрсетуді сұра

Бәрі сәтті болады!